Ерекше жандарға арналған инватаксилердің саны артып келеді

173

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі хабарлады. 

Ерекше жандарға арналған инватаксилердің саны артып келеді Фото: Көлік министрлігі

Көлік министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып республикалық маңызы бар қалалар мен өңірлерде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасау мақсатында инватакси санын арттыру бойынша жұмысты жалғастырып жатыр, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Мәселен, биыл елордада арнайы машиналардың саны тағы 26 бірлікке ұлғайды. Осылайша, Астана қаласындағы аталған санаттағы инватаксилердің жалпы саны 145-ке жетіп отыр.

Бүгін ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек халықтың қауқары аз топтарын тасымалдауға арналған арнайы машиналардың артықшылығымен танысты. Бұл ретте арнайы көтергіштермен жабдықталған автомобильдер ерекше қажеттілігі бар азаматтардың жүріп-тұруына ыңғайлы жағдай жасап отырғанын айта кеткен орынды.

Жалпы өңірлерде шамамен 760 бірлік арнайы жабдықталған көлігі бар 119 инватакси қызметі жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу