Іріктеу оффлайн форматта, Қазақстанның 18 қаласында өтеді. Лагерге мүмкіндігі шектеулі 17 мен 39 жас аралығындағылар қатысады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, былтырғы тыңдаушылардың барлығы жұмысқа орналасқан.
Ал биылғы тақырып ерекше. Қазір нарықтағы жоғары сұранысқа ие, компьютерлік дағдылардан бастап, мобилаграфия, графикалық дизайн тіпті SMM курстарын оқытпақ.
Естеріңізге сала кетейік, ITeachMe жобасы 2019 жылдан бастап еліміздің барлық өңірінде жүзеге асырылып келеді. Жобаға осы уақытқа дейін 300-ден астам жас қатысқан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу