"Эреспал" дәрілік препаратына берілген тіркеу куәлігі қайтарып алынады

2851

2019 жылғы 13 ақпанда жоғарыда атап көрсетілген препараттың тіркеу куәлігін қайтарып алуға шешім қабылданды.

"Эреспал" дәрілік препаратына берілген тіркеу куәлігі қайтарып алынады

Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінде ағымдағы жылдың 12 ақпанында "Les Laboratoires Servier, Франция" компаниясынан ақпарат келіп түсуіне байланысты, клиникаға дейінгі зерттеулер (жануарларға жүргізілген зерттеулер) және "Эреспал" (ХПА – фенспирид) препаратын қолдануды тоқтату туралы француздық реттеу органының (ANSM) шешімі бойынша 2019 жылғы 13 ақпанда жоғарыда атап көрсетілген препараттың тіркеу куәлігін қайтарып алуға шешімі қабылдады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. 

Сонымен қатар, ҚР ДСМ "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығы" тіркеуден кейінгі кезеңде пайда-қауіп арақатынасын бағалау мәселелері жөніндегі Фармакологиялық комиссия мәжілісінде "Les Laboratoires Servier, Франция" компаниясының өтініші қаралды, онда Еуропалық дәрілік заттар агенттігінің (European Medicines Agency), EMA құрамына кіретін Фармакологиялық қадағалау саласындағы қауіптерді бағалау комитетінің (Pharmacovigilance Risk Assessment Committee, PRAC) түпкілікті нұсқауларын алуға дейін ҚР мемлекеттік тізілімінде тіркелген "Эреспал" дәрілік препаратының және ХПА фенспирид болып аталатын басқа препараттардың тіркеу куәлігін тоқтату ұсынылды.

ДСМ "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медицина техникасын ұлттық сараптау орталығының" мәліметі бойынша Қазақстанда "Эреспал" препараты туғызған жағымсыз реакциялардың бір де бір жағдайы тіркелмеген.

"Эреспал" - бұл респираторлық жүйені және тыныс алу жолдарының ауруларын емдеуге арналған дәрілік зат. "Эреспал" қабылдайтын пациенттер үшін жүрек ырғағы бұзылуларының аздаған даму қаупі бар. Жағымсыз реакцияны қадағалау жағдайларында пациенттерге, қажет болғанда, баламалы ем тағайындаған немесе осы препаратты қабылдауды тоқтату шешімін қабылдаған емдеуші дәрігермен кеңесу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу