"Ереуіл атқа ер салмай"

1934

Елу шақырым жолды ат үстінде жүріп өтуге бел буған экспедиция мүшелері діттеген жерлеріне алты сағатта жетті.

"Ереуіл атқа ер салмай"

Осындай атаумен жақында тұңғыш рет Индербор кентінен дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлының мазары орналасқан Қараойға дейін салт аттылар экспедициясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды azh.kz.

Елу шақырым жолды ат үстінде жүріп өтуге бел буған экспедиция мүшелері діттеген жерлеріне алты сағатта жетті. Ұлы түске ұрынбай Қараой жазығына жеткен топ алдымен Малайсары би басына келіп, құран бағыштады. Одан соң Махамбеттің қапыда қаза болған жеріне қойылған тас белгіге аялдады.

Экспедицияны ұйымдастырушы, "Мирасқор" қоғамдық қорының жетекшісі Амандық ЕСҚАЛИЕВТІҢ айтуынша, экспедициялық топ түрлі мәдениет саласы өкілдері - ақын, журналист, исламтанушы ғалым және театр әртісінен құралған.  

"Аталған жоба халқымыз үшін қасиетті саналған жылқыға міну мәдениетін насихаттау мақсатында қолға алынды.  Туған жеріміздегі азаматтарға рух беретін қасиетті мекенге атпен бару арқылы жастардың қызығушылығын ояттық деп ойлаймын",- дейді А.Есқалиев.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу