Ереуіл кесірінен Гонконг экономикасы $356 млн жоғалтты

1892

Бұл арнайы әкімшілік аймаққа соңғы алты күнде келген шығын. 

Ереуіл кесірінен Гонконг экономикасы  $356 млн жоғалтты

Бірнеше айға созылған бас көтеруден әсіресе бөлшек саудасы, мейрамханалар және қонақүй салалары қатты зардап шегіп отыр. Бірқатар сарапшының айтуынша, ұзаққа созылған ереуіл жергілікті экономиканы әлі де шығынға батыруы мүмкін. 

Ресми дерекке сүйенсек, жергілікті MTR Corp. деп аталатын теміржол операторының билет сатылымы төмендеп, 500 млн гонконгтік долларын жоғалтқан. 

Ереуілдердің өршуіне өткен аптада биліктің шеру кезінде бетперде киюге рұқсат беруі түрткі болды. Гонконг басшысы Кэрри Лэм болса, бұл шара тәртіпсіздіктерді басуға бағытталған деп ағынан жарылды. 

Арнайы әкімшілік аймақтың заң шығарушы кеңесінің мүшесі Ю Си-Вингтің мәліметінше, 1 және 6 қыркүйек аралығында осы аймаққа келетін туристердің саны 53,6 %-ға қысқарып, яғни 730 мыңға дейін азайған. 

ACE Centre for Business and Economic Research дерегі бойынша, наразылық шараларының экономикаға әсер етуі көпке созыла қоймайды. Бірақ биліктің төтенше жағдай туралы заң қабылдауы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу