Ереуілден кейін Шри-Ланкада жаңа президент сайланды

485

9 шілдеде мыңдаған адам Коломбо көшелеріне шығып, бұрынғы президент Готабая Раджапаксаның отставкаға кетуін талап еткен болатын.

Ереуілден кейін Шри-Ланкада жаңа президент сайланды

Шри-Ланка парламенті президенттің міндетін атқарушы Ранил Викрамасингхені мемлекет басшысы етіп сайлады, деп хабарлайды inbusiness.kz Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

73 жастағы Викрамасингхе 134 дауысқа ие болса, оның қарсыласы, бұрынғы БАҚ министрі Дулла Аллахаперума 82 дауыс жинады.

Бірқатар БАҚ-тың болжамынша, Викрамасингенің сайлануы қайтадан ереуілге әкеліп соғуы мүкін. Оның бұрынғы президент әкімшілігінің құрамында болуы халықтың тағы да көтерілуіне себеп болмақ.

Викрамасингхе 2022 жылдың мамыр айында премьер-министр қызметіне тағайындалды. Шілде айының басында басталған ереуілден кейін ол Шри-Ланка президентінің міндетін атқарушы болып бекітілді.

Еске сала кетсек, 9 шілдеде мыңдаған адам Шри-Ланка астанасы Коломбо көшелеріне шығып, президент Готабая Раджапаксаның отставкаға кетуін талап еткен болатын. Бас көтергендер қоршауды бұзып, оның резиденциясының аумағына баса-көктеп кірген еді. Раджапакса қашуға мәжбүр болды. Ол 13 шілдеде отставкаға кететінін мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу