Ереуілге Қаламқас, Теңіз кеншілері қосыла бастады

1980

Қаламқас мұнай кен орнының қызметкерлері жұмыстарын тоқтатып, Ақтаудың орталық алаңындағы наразылық білдірушілерге беттеп барады. Қолдарына ұрандар жазылған плакаттар ұстап алған, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап.

Ереуілге Қаламқас, Теңіз кеншілері қосыла бастады

Жергілікті БАҚ Теңіз кен орнында да жұмысшылар арасында ереуіл басталғанын хабарлады.

Айта кетейік, 2 желтоқсанда Жаңаөзен тұрғындары газ бағасының қымбаттауына қарсы наразылыққа шықты. Олар бағаны 110 теңгеден "50 теңгеге дейін түсіруді" талап етіп, орталық алаңда екі тәуліктен бері акция өткізіп жатыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сол күні түн ауғанда твиттер желісінде "Үкіметке Жаңаөзендегі жағдайды экономикалық тұрғыдан ескеріп, құқықтық жағынан тез арада қарастыруды тапсырғанын" мәлімдеді. 

Үкімет ертеңінде баға 85-90 теңгеге түсетінін хабарлады. Бағаны бизнес өкілдері "әлеуметтік жауапкершілік" ретінде төмендеткенін түсіндірді. 

3 желтоқсан сағат 17:30-да Энергетика министрі журналистерге брифинг беріп, бағаны одан төмен түсіру мүмкін емес екенін айтты. 

Бүгін, 4 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрамында Президент Әкімшілігінің қызметкерлері бар үкіметтік комиссия Ақтауда жұмысқа кіріскенін" твиттер желісінде жазды.

"Республикалық оперативтік штаб тұрақты негізде жұмыс істеп жатыр. Комиссияға еліміздегі тұрақтылықты сақтай отырып, туындаған мәселе бойынша өзара тиімді шешім шығару жүктелді", - деген Президент "Демонстранттар жауапкершілік танытып, диалогқа дайын болуға тиіс" екенін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу