Ереуілшілер Атамбаевты тергеу изоляторынан босатты

3766

Бұрынғы премьер-министрде қазір бостандықта. 

Ереуілшілер Атамбаевты тергеу изоляторынан босатты

Ереуілшілер Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік Мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатты. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр. 

Ақ үй ғимараты мен оның территориясын басып алғаннан кейін, наразы топ Ұлттық қауіпсіздіктің Мемлекеттік комитетіне барған еді. Ғимаратты күзетіп тұрған құқық қорғаушылар қолдарын көтеріп, халықпен бірге екенін айтып, ереуілшілердің жағына ауысты. Комитет басшылығымен жүргізілген келіссөздерден кейін, 2019 жылдың тамыз айынан бері изоляторда отырған Атамбаев бостандыққа шығарылды. Бұны экс-президенттің баспасөз хатшысы Құндыз Жолдыбаева да растады. 

Колониядан сонымен қатар экс-депутат Садыр Жапаров, бұрынғы премьер-министр Сапар Исақов та шығарылды. Еске сала кетсек, бұрынғы үкімет басшысы 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу