Ереуілшілер Шри Ланкада ел президентінің резиденциясын басып алды

653

Шри Ланка астанасы Коломбода наразылық білдірушілер ел Президенті Готабая Раджапаксаның резиденциясын басып алды. Олар полиция тосқауылдарын бұзып өткен, деп хабарлайды inbusiness.kz BBC-ге сілтеме жасап.

Ереуілшілер Шри Ланкада ел президентінің резиденциясын басып алды

Ол өміріне төнген қауіптен қорқып, қашуға мәжбүр болды.

Жаппай наразылықтардың туындауына Шри Ланка шенеуніктерінің жемқорлығы, елдегі инфляция себебінен экономикалық және саяси дағдарыстың шиеленісуі әсер етті. Аталған Оңтүстік Азия еліндегі толқулар 2022 жылдың 15 наурызында басталған.

Наразылық білдіруші тарап Готабая Раджапакса мен оның отбасы басқаратын үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу