Ереванда 60 шақты ереуілші қамауға алынды

929

Олар Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр. 

Ереванда 60 шақты ереуілші қамауға алынды

Армения астанасы Ереван қаласында ереуіл басталып, 60 шақты адам ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы жергілікті полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ереуілшілер ел премьер-министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр. Нақтырақ айтқанда, полиция бөлімшелеріне 57 адам жеткізілген. 

Пашинян 2020 жылдың қарашасында Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығысты тоқтату туралы келісімге қол қойғаннан кейін, Ереванды ереуілдер шарпыған еді. Бас көтергендер үкімет басшысының отставкаға кетуін талап етуде. Тіпті армян шіркеуінің екі бас иерархы да осындай көзқарас танытып отыр. Оппозициялық күштер болса, үкіметтің бұрынғы басшысы Вазген Манукянды қайтадан осы лауазымға тағайындауды ұсынды.

Желтоқсан айының соңында Пашинян саяси күштерді 2021 жылы өтетін кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысты мәселелерді талқылауға шақырған еді. Алайда оппозиция сайлауға дейін Пашинян қызметінен кетсін деп отыр.

Табиғат Нұрболат

Фото: report.az

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу