Ереванда ереуілшілерді тұтқындау басталды

552

Наразы топ Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Ереванда ереуілшілерді тұтқындау басталды Фото: ria.ru

Армения тәртіп сақшылары Ереван көшелеріне ереуілге шыққандарды тұтқындай бастады. Бас көтергендер қазіргі премьер Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп отыр. Наразылық шарасына қатысқандардың бірқатары "Николсыз Армения", "Никол – сатқын" деп ұрандатқан. 

Қыркүйек айының соңында Таулы Қарабақта Армения мен Әзербайжан әскерилерінің арасында қақтығыс басталып, салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапқан еді. Тараптар бірнеше рет мәмілеге келуге тырысты. Бірақ 10 қарашада Ресейдің қатысуымен жасалған келісім нәтижелі болды. Сөйтіп аймақтағы шиеленіс тоқтады. Ереван Бакуға Келбаджарский, Лачинский, Агдамский аудандарын қайтарып, аймаққа Ресейдің бітімгер әскерилері орналастырылды. 

Әзербайжан бұл келісімді Арменияның жеңіліс табуы деп бағалады. Сол уақыттан бері Армениядағы наразы топ Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, ереуілге шыға бастады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу