Ереванда полиция наразылық білдірушілерді қамауға ала бастады

805

25 сәуірден бері жергілікті оппозиция ел аумағында наразылық шараларын өткізуде.

Ереванда полиция наразылық білдірушілерді қамауға ала бастады

Ереван қаласында Армения Премьер-Министрі Никол Пашинянның отставкаға кетуін талап етіп, наразылық шарасына қатысқандарды тәртіп сақшылары қамауға ала бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бас көтергендер қала көшелерін жауып, тұрғындарды ереуілдетуге үндеуде. Ереванның шетіндегі акция орнына келген полицейлер наразылық білдірушілердің бірнешеуін көлікке отырғызып алып кетті.

25 сәуірден бері жергілікті оппозиция ел аумағында наразылық шараларын өткізуде.

Ереуілшілердің пікірінше, қазіргі биліктің саясаты елдің мемлекеттілігін жоғалту қаупін тудырып отыр. Олар бірнеше күн ішінде Ереван көшелері мен облыстық магистральдарды, соның ішінде негізгі көлік тораптарын жауып тастады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу