Ереван-Севан автожолындағы жанармай құю станциясы жарылып, өртене бастаған. Жарылыстан зардап шеккен бес адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Армения Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ереван-Севан тас жолындағы жарылыс салдарынан алдын ала мәліметтер бойынша бес азамат ауруханаға жатқызылды", — делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.
Бұған дейін Армения ІІМ баспасөз хатшысы Нарек Саркисян Ереван-Севан тас жолының екінші шақырымындағы газ құю станциясында жарылыс болып, өрт шыққанын хабарлады. Кейінірек ол зардап шеккендер де бар екенін айтты, бірақ олардың санын атамады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу