Ережесіз жекпе-жек Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіруі мүмкін

1128

Ережесіз жекпе-жек Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіруі мүмкін

Ережесіз жекпе-жек спорты жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіруі мүмкін. Бұл туралы M-1 Global тұжырымының президенті Вадим Финкельштейн айтты, деп хабарлайды КТК.

Ол өз сөзінде: "Қазір мен халықаралық IMMA ұйымын құру туралы келіссөздер жүргізіп жатырмын. ММА спорты қарқынды дамыған 100-ден аса ел бұл ұйымға мүше болады. Бұл спортты халықаралық деңгейде мойындаса, 2024-2028 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына кіретініне сенімдіміз. Бұл әбден мүмкін. Біз қарқынды жұмыс істеп жатырмыз. Мен ММА-ның әлемдегі ең әйгілі спорт екеніне және оның Олимпиада ойындарының бағдарламасына енетініне шүбә келтірмеймін. Мен бұған 100 пайыз сенімдімін", – деді Вадим Финкельштейн.

Айта кетейік, ережесіз жекпе-жек бойынша әлемде мыңдаған тұжырым бар. Солардың ең үздігі UFC тұжырымы болса, M-1 Global тұжырымы үздік бестікке кіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу