Еуразиялық топ "7-20-25" бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысын жүргізуге атсалысады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Мұндай жаңалықты ERG директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич Ertis Olympic бассейнінің ашылу салтанатында жеткізді.
"Тұрғындардың әлеуметтік өмірін жақсартуға үлес қосуға әрдайым қуаныштымыз. Алдағы уақытта "7-20-25" бағдарламасы бойынша 1200 пәтерден тұратын 13 үй саламыз. Компания жұмыскерлеріне жылдық бір пайызбен бес жылға алғашқы жарна төлеуге көмектеседі", – дейді Александр Машкевич.
Еске сала кетейік, аталған бағдарлама бойынша аймақта 341 пәтер ұсынылады. Оның 95-і Павлодарда болса, 246-сы Екібастұзда орналасқан. Өткен жылы облыста 240 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерген болатын. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 30 пайызға артық. Биыл көрсеткіш тағы 1,5 есеге артып, 300 мың шаршы метр баспана пайдалануға беру жоспарланған.