ERG директорлар кеңесінің құрамы өзгерді

282

Eurasian Resources Group S.à r.l. (ERG) директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ERG директорлар кеңесінің құрамы өзгерді Фото: freepik

Директорлар кеңесінің жаңарған құрамында, Шухрат Ибрагимов, кеңес құрамына 2021 жылы еніп, директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланған.

Сабир Шодиев бұл қызметте Патох Шодиевті алмастырды. Эдуард Сурлевич бұл қызметте Александр Машкевичті алмастырды.

Кеңестегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Қаржы министрі Мәди Такиев директорлар кеңесінінің мүшесі қызметін атқара береді.

Бұған дейін директорлар кеңесіне мүше болған Топтың негізін қалаушы-акционерлері Александр Машкевич пен Патох Шодиев, Алиджан Ибрагимов компанияның дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Жаңарған директорлар кеңесінің құрамына енген менеджерлер компанияның ішкі процестеріне бұрыннан етене араласып, салада мол тәжірибе жинақтаған. Бүгінде топ акционерлерімен бірлесіп, ERG-дің стратегиялық мақсаттарын іске асыру мен міндеттерін атқаруға септесіп келді. Олардың жоғары кәсіби біліктілігі мен корпоративтік құндылықтарға адалдығы компаниядағы бірізділікті сақтап, табиғи буын алмасу процесін қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу