ERG инновацияны енгізудің арқасында 7 млрд теңге үнемдеді

1135

ERG инновацияны енгізудің арқасында 7 млрд теңге үнемдеді

Астанада Еуразиялық топ – ERG инноваторлар форумы өтуде. Форумда инженерлер, мехниктер, IT-мамандар, топ менеджерлері, барлығы 200-ден қатысушы  өндірістің тиімділігін арттыру жөнінде өз идеяларымен бөлісіп жатыр, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Форум аясында үздік новаторлар жобасының байқауы өтуде, оның жеңімпаздары  Назарбаев университетінде  біліктілігін арттыруға мүмкіндік алады.

Еуразиялық топта қазір бизнес-трансформация жүруде,  ол 2014 жылы басталған болатын. Бизнесті трансформациялау  бизнес үрдістерді  стандарттауға,  ақпарат есепті ұсынуды жеделдету,  SAP кәсіпкерлігін басқару жүйесін енгізу ашықтығын  арттыруды жүзеге асырады.

"Әлемде экономиканың бәсеңдеуі байқалып отырған  кезеңде ERG өнімді өндірудің төмендету қаупін шеттетіп, жұмыс орындарының сақталуын, өнімнің жоғары сапалығын, қондырғыларды шығару көлемін арттыруды қамтамасыз етті. Бұл бағыттағы айтарлықтай бастаманың бірі  "Проект 10%"  атауы бойынша кәсіпорындарындағы өнімнің өз бағасының төмендеуі болды. Ол өткен жылы іске қосылған болатын.  Биылғы жылы  оның  ұтымдылығы  7 млрд теңгені құрады. Аталмыш бағдарлама аясында  500 новаторлық жоба қолдауға ие болды", - деді  "Еуразиялық топ" ЖШС өнеркәсіп бойынша басқарма төрағасының орынбасары Азамат Бектібаев форум барысында.

Өз кезегінде ИДМ Индустриялды даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары  Қанат Баитов айтқандай, қазіргі заманғы экономика саласында  оңтайландыру және автоматтандыру  өнеркәсіпті дамытудың басты тетігі болып табылады.

Айта кетейік, Eurasian Resources Group (ERG) — қазып алу, өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг саласында толық интеграцияланған кәсіпорындары бар, табиғи ресурстарды өндіру бойынша әлемдегі ең ірі  әртараптандырушы компаниялардың бірі.Еуразиялық Топ Қазақстан Республикасының аумағында экономикаға айтарлықтай үлес қосытын ERG-дің келесі өндірістік активтерін басқарады: Казхром ТҰК, Соколов-Сарбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (КЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), Шұбаркөл Көмір және ENRC Logistics.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу