ERG кәсіпорындарының қалдықтарынан жаңа материалдар алынады

1180

2018 жылдың алғашқы алты айында 88 мың тонна қалдық сатылып, 900 млн теңгеге жуық пайда көрді.

ERG кәсіпорындарының қалдықтарынан жаңа материалдар алынады

Еуразиялық Топ (ERG) кәсіпорындары қалдықтарының 20-ға жуық түрі жаңа материалдар жасауға пайдаланылады, деп хабарлайды ERG корпоративтік коммуникациялар департаменті.

Екі жыл бұрын компания "Қалдықты кіріске айналдыру" бағдарламасын қолға алған еді. Нәтижесінде "ERG-дің коммерциялық орталығы" ЖШС 2017 жылы Eurasian Resources Group кәсіпорындарының 150 мың тоннадан астам қалдығын өңдеуге жөнелтті. Бұл оларды арнайы полигондарға орналастыру мен оның қоршаған ортаға залалын болдырмаудан бөлек, компанияның 1 млрд теңге кіріс табуына сеп болды. 

2018 жылдың алғашқы алты айында бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 88 мың тонна қалдық сатылып, Топ 900 млн теңгеге жуық пайда көрді.

ERG кәсіпорындары қалдықтарының 20-дан астам түрі күнделікті қайта өңделіп, түрлі өнім жасауда пайдаланылады. Мәселен, микросфераны (күлдің ұшатын ұсақ фракциясы) сатып алған кәсіпорын оны алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін тікелей Еуропаға экспорттайды. Ал ол жақта алынған өнім шудан оқшаулаушы, отқа төзімді қамтамалар мен полимерлер өндірісінде қолданылады. Бұдан бөлек, қара металлургия кәсіпорындары ERG-дің алюминий өндірісінен шыққан құрамында көмірі бар қалдықтарды болат өндірісінде және балқыту үрдісіндегі қымбат кокс пен балқыту шпатын алмастыруға кеңінен пайдаланады.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу