ERG компаниясы Қажыгелдинді құпия ақпаратты таратты деп айыптады

1808

Eurasian Resources Group  Әкежан Қажыгелдинді компанияға қатысты құпия мәліметтерді өзгелерге таратты деп айыптап, сотқа берді, деп хабарлайды Аtameken Business.  

ERG компаниясы Қажыгелдинді құпия ақпаратты таратты деп айыптады

Информбюро ақпараттық сайтының мәліметінше, істі Ұлыбритания және Уэлстің жоғарғы соты Лондонда қарап жатыр. Нақты айтқанда, ERG Кажегелдин компанияның бұрынғы IT-маманымен сөз байласып заңсыздыққа барды.  Салдарынан құпия деректер үшінші тарапқа, яғни журналистер мен саясаткерлерге тарап кетті деп есептейді. Ал, экс-премьердің ресми өкілдері болса, Қажыгелдиннің ноутбугы мен телефоны 2016 жылы ұрланғанын, содан бері ол Google есептік жазбаларына кіре алмай отырғанын айтады. Дегенмен, судья компанияның Қажыгелдинге қатысты бірқатар өтініштерін қанағаттандырған жоқ. Мәселен, экс-премьердің бұрынғы аккаунттарына кіруді қалпына келтіріп, ондағы хат алмасуларын ашу туралы өтінішті заңға қайша деп тапты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу