ERG қызметкерлерінің еңбекақысын көтеретінін хабарлады

836

Комапнияның 58 500 қызметкерінің табысы артатын болды. 

 ERG қызметкерлерінің еңбекақысын көтеретінін хабарлады

Eurasian Resources Group 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылатады, деп хабарлайды компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауын толық қолдай отырып, Еуразиялық Топ басшылығы Қазақстандағы кәсіпорындары қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылату туралы шешім қабылдады. Қаңтардың бірінен бастап еңбекақы мөлшері 9-14% жоғарылайды. Бұл мақсатқа 17,6 млрд теңге бағытталмақ.

Жалпы алғанда ERG-дің 58 500 қызметкерінің табысы артатын болды. Бұл Еуразиялық Топ еңбек ұжымының 97%. Соның 23 мыңнан астамы Павлодар облысында,  21 мыңы Қостанай, 11 мыңы Ақтөбе және 3 мыңы Қарағанды облыстарында еңбек етіп жүр.

ERG директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич еңбекақы мөлшерін жоғарылата отырып, Топ кәсіпорындары қызметкерлеріне арналған түрлі әлеуметтік бағдарламалар мен ұжымдық келісім шарттарға енген және енбеген барлық жеңілдіктер сақталып қалатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу