ERG мен Қарағанды облысының әкімдігі өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларға қаржыландыруды қамтамасыз етпек

1133

2020 жылы ERG өңірдің әлеуметтік саласын қолдап, дамытуға 843 млн теңгеден астам қаражат бөлмек. 

ERG мен Қарағанды облысының әкімдігі өңірдегі әлеуметтік маңызды жобаларға қаржыландыруды қамтамасыз етпек

Eurasian Resources Group (ERG) пен Қарағанды облысының әкімдігі 2020 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара әріптестік туралы Меморандум жасасты. Құжатқа ERG-дің Бас атқарушы директорының бірінші орынбасары Алдияр Қазтаев пен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды. 

2020 жылы ERG өңірдің әлеуметтік саласын қолдап, дамытуға 843 млн теңгеден астам қаражат бөлмек. Оның 600 млн теңгесі Қарағандыда үстел теннисі орталығын салуға жұмсалады. Құрылысты 2020 бастап, 2021 жылы аяқтау көзделген. Бұдан бөлек, облыс орталығындағы базар көшесін жөндеу, Шұбаркөл кентінің жылу қазандығын жөндеп, қызметін қамтамасыз ету, Қарағанды мен осы Шұбаркөл ауылындағы мектепті жөндеп, абаттандыру, әрі осы білім ұясына STEM зертхана сатып алуға қаражат қарастырылған.    

ERG  аймақты қолдау аясында оған қоса Қызылжар мен Шұбаркөл кенттеріндегі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға 3 мың тоннадан астам көмір береді.

Меморандум аймақты дамытуға бағытталған ERG бастамаларынан бөлек, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Қарағанды облысы әкімдігінің әлеуметтік маңызды жобаларын да қамтыған. Бұл қатарда "Астана-Қорғалжын-Баршын-Шұбаркөл-Қызылжар" автокөлік жолын, Жаңаарқа жолын орташа жөндеу, аудандық маңыздағы Пикет-Соналы-Ізенді автокөлік жолындағы су өткізуші құбырларды ағымдағы жөндеу, ауыл іші жолдарын жөндеу сынды ERG қызметкерлері үшін маңызды жобалар бар. Шұбаркөл кентін аббаттандыруға да қаражат қарастырылған.

– ERG инфрақұрылым, мәдениет пен спортты дамытып, аймақ тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталатын инвестицияларға ерекше көңіл бөледі, – деді Eurasian Resources Group Директорлары кеңесінің төрағасы Александр Машкевич. – Біз "Туған жер"-дегі өмірді жайлы етуге мүмкіндік беріп отырған әкімдікке алғыс айтамыз. Бірлесе отырып, биыл әріптестеріміз тұрып жатқан Шұбаркөл кентін аббатандыруды да жалғастырамыз. Біз осылайша өңір үшін ең өзекті түткілді мәселелер – жол мен тұрғын үйлер, су құбырлары жөнделеді деген үміттеміз.  

– Қоғамға біздің кәсіпорындардың тек өндірістік және қаржылық көрсеткіштері ғана емес, өз қызметкерлері мен өңір тұрғындарына жасап отырған қамқорлығы да қызықты, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. – Сондықтан әлеуметтік бағдарламаларда серіктестік қарым-қатынастарды дамыту үшін Қарағанды облысының әкімдігі ірі кәсіпорындарымен қызу жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтқанда, ERG облыс тұрғындары үшін маңызды бірқатар жобаларды жүзеге асыруын жалғастырады.

ERG Топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қостанай, Павлодар мен Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру жөнінде Меморандумдарды осымен 16 жыл бойы жасасып келеді.

Жалпы алғанда 2001-2019 аралығында Еуразиялық Топ құйған әлеуметтік инвестициялардың жалпы көлемі 272,5  млрд теңгеден асты.

Eurasian Resources Group (ERG) – табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу, энергетика, логистика және маркетинг салаларында толық біріктірілген, әлемдегі ең ірі әртараптандырылған компаниялардың бірі болып табылады. Төрт құрлықта орналасқан 15 елде Еуразиялық Топтың кәсіпорындары өз саласы бойынша ең ірі жұмыс берушілердің бірі саналады.

Бүгінде ERG жоғарыкөміртекті феррохром құрамындағы хром үлесі бойынша Еуразия кеңістігіндегі көшбасшы әрі темір кенін жеткізуші ірі компанияға айналды. Қазақстандағы жоғары маркалы алюминий өндіретін жалғыз кәсіпорын Топ құрамында. сондай-ақ, мыс пен кобальт жеткізуші ірі компаниялар қатарында.

ERG – Қазақстанның тау-кен, металлургия саласының үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, ERG – Орталық Азиядағы электр қуатын негізгі жеткізушілердің бірі және ірі темір жол операторы. Қазақстанда Еуразиялық Топ пен еліміз үшін аса маңызды кәсіпорындар орналасқан. Олар: Қазхром ТҰК, Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі (ССКӨБ), Қазақстан Алюминийі, Қазақстан электролиз зауыты (ҚЭЗ), Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы (ЕЭК), "Шұбаркөл Көмір", "3-Энергоорталық" АҚ және "ТрансКом" Көлік тобы мен ERG Service.

Конго Демократиялық Республикасында ERG – Boss Mining, Frontier және Comide кәсіпорындарында мыс және кобальт кенін өндіріп, өңдейді. Аталған елде сондай-ақ, Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) секілді аяқталуға жақын бірнеше жоба жүзеге асырылуда.

ERG-дің мыс балқыту зауыты Chambishi Metals PLC – Замбиядағы жетекші кәсіпорын және әлемдегі мыс өндіретін ірі өндіріс орны. Оның үстіне кәсіпорын өнімдері: мыс пен кобальт Лондон металдар биржасында сатылады.  

Сонымен қатар, компанияның  Африка құрлығындағы бірнеше елде, оның ішінде Оңтүстік Африка республикасында, Зимбабве, Мали және Мозамбикте көмір, марганец, платина, боксит, флюорит өндіру бойынша жобалары бар.

Бразилияда ERG жылдық қуаты 20 млн тонна темір кенін өндіруге мүмкіндік беретін Pedra de Ferro жобасын іске асыруды жалғастыруда. Онда өндіру мен логистикалық кешен толық кіріктірілген.

ERG – Бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырманамысында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың құрылтайшы-серіктесі. Альянс қарқынды дамып келе жатқан электромобильдер мен гаджеттер секторына арналған құн құраудың жауапты әрі инклюзивті тізбегін құрып, дамыту мен оған орнықты даму тәжірибелерін әзірлеуді көздейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу