Eurasian Resources Group S.a.r.l. мен Қарағанды облысының әкімдігі өңірдегі маңызды әлеуметтік жобалардың қаржыландырылуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды корпоративтік коммуникациялар департаменті.
Eurasian Resources Group S.a.r.l. (ERG) мен Қарағанды облысының әкімдігі арасында 2017 жылы әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы өзара серіктестік туралы меморандум жасалды. Келісім шартқа Еуразиялық Топтың Бақылаушылар кеңесінің төрағасы Алдияр Қазтаев пен Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қол қойды.
Меморандум аясында ERG 2017 жылы аймақтағы әлеуметтік саланы қолдау мен дамытуға 182,6 млн теңге қаражат бөледі. Соның 41 млн теңгесі Шұбаркөл кентіндегі жылу қазандығы мен ондағы жабықтарды жөндеуге жұмсалмақ. Көктемде су тасқынынан зардап шеккен Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласы мен Шахан кентіндегі тұрғын үйлерде орналасқан жылу қазандықтарын жеке шығарып, Жаңаарқа ауданының Қызылжар кенті полицейлеріне жедел автокөлік сатып алу мақсаттарына 54,9 миллион қарастырылған.
Меморандум тек ERG бастамаларымен шектелмей, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын Қарағанды облысы әкімдігінің аймақты дамытуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларын да қамтып отыр. Бұл қатарда "Қызылжар-Шұбаркөл-Баршын-Астана" автожолына ағымдағы жөндеу жүргізу, Шұбаркөл мен Баршын кенттерін абаттандыру мен инфрақұрылымын нығайту, Абай қаласында жүзу жолдарынан бөлек, 320 көрерменге арналған жабық бассейн салу, Қарағанды қаласында көру қабылеті нашарлаған балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернаттың құрылысын аяқтау және тағы басқалар сынды ERG қызметкерлері үшін де ерекше маңызды инфрақұрылымдық жобалар да бар.
13 жыл бойы Еуразиялық Топ (ERG) жыл сайын Топ кәсіпорындары орналасқан Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында маңызды әлеуметтік-экономикалық жобаларды жүзеге асыру жөнінде меморандумдар жасасып келеді.
Соңғы бес жылда (2012-2016 жж.) Еуразиялық Топтың Қазақстандағы барлық кәсіпорындары қызметкерлерді әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік саланы қаржыландыруға, аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, демеушілік пен қайырымдылыққа 103 млрд теңгеден астам қаржы жұмсады.
Осы аралықта тек Меморандумдар аясында Қарағанды облысын дамытуға ERG 2,4 млрд теңгеден астам қаражат бағыттағанын айта кеткен абзал. Бұл қатардан Қарағанды қаласында "Шапағат" тұрғын үй кешенін салып, оның айналасын абаттандыру, Нұра ауданындағы Шұбаркөл кенті қазандығының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, облыстық маңыздағы "Қызылжар-Шұбаркөл" автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жобаларын атап айтуға болады. Жүзеге асырылған ірі инфрақұрылымдық жобалар арасында Қарқаралы қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығын қалпына келтіру, Түгіскен мен Ынтымақ ауылдарындағы мектептер мен Киевка ауылының балабақшасы жөнделді. Облыс орталығында "Қарағанды Арена" мұз сарайы мен теннис орталығын салуға, Теміртау қаласында ҚР Тұңғыш Президенті мұражайын салуға, Атасу кенті, Баршын, Жарасбай және Кертінді ауылдарында спорттық және ойын алаңдарын салуға демеушілік көмек көрсетілді