"ERG-дің коммерциялық орталығы" ЖШС сатылым жөніндегі басқармасы Business & Technology Services-пен бірлесіп компанияның өндірістік қалдықтары мен бейінді емес активтер мен өтімсіз заттарын сататын дербес сатылым порталын іске қосты, деп хабарлайды компанияның корпоративтік коммуникациялар департаменті.
ERG-дің сатылым порталы – https://sales.erg.kz/ ресейдегі электронды сауда жүйелерін әзірлейтін жетекші тұрғырнамалардың бірінің негізінде ашылған (сатылым порталына компанияның негізі сайтындағы https://erg.kz/kk сатылым порталы айдары арқылы да өтуге болады).
Ол ERG тобы кәсіпорындары тауарларын электронды аукциондар арқылы онлайн режимінде сататын қуатты құралдарды қамтиды. Порталдың өзгелерден басты ерекшелігі де осында. Сатып алушы өзін қызықтырған тауардың тиісті көлеміне өтінім беру арқылы сатып ала алады. Осылайша, бәсекелі сауда сатылымдардың экономикалық тиімділігін айтарлықтай арттырады.
Портал әуел бастан трансшекаралық жүйе ретінде ойластырылған. Өз кезегінде бұл Қазақстан резиденттерімен қатар, резидент еместерді де молынан тартуға сеп болды. Жүйе саудаға қатысушы қандай ақша белгісімен ұсыныс жасаса да оны қабыл алуға қауқарлы. Осылайша, саудаға тек Қазақстан ғана емес ТМД, Қытай сатып алушылары да қатыса алады. Жүйе аясында сатып алушылар саудадағы өзін қызықтырған тауарлардың сатылымдарына жазылып, уақытылы хабарлама алып отыруына мүмкіндік береді.
Интерактивті талдау құралдарының көмегімен ERG коммерциялық орталығының мамандары өткізілетін электронды саудалардың тиімділігін нақты онлайн режимінде бақылап, саралап отырады. Аукционмен сатылатын өнімдерден бөлек, тауарлардың кейбір түрлері порталда белгіленген бағада сатылмақ. Оларды порталдың интернет витринасы – "дүкен" арқылы сатып алуға болады. Онда тауарлар топтастырылып, фотосуреттері мен бағасы да көрсетілген. Бұдан бөлек, "Анықтамалық ақпарат" айдарынан сатып алушы аукциондарды өткізу регламенттері мен келісім шарттардың типтік үлгілерін, өздеріне қажетті толымды нұсқаулықты таба алады.