ERG сатылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды

578

БАҚ-та таралып жатқан қауесет көп.

ERG сатылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды Фото: erg.kz

Соның ішінде америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның ERG үшін 5 млрд доллар ұсынысына жауап ретінде ERG Директорлары кеңесінің төрағасы, Бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов ERG-ді сату жайлы ешбір келіссөздер болмағанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

– Бизнесті қалыпты жүргізуде еш өзгеріс жоқ. 2024 жылдың соңында өткен Директорлары кеңесінің отырысында одан әрі дамыту, өз кәсіпорындарына инвестиция құюға бағытталған жаңа даму стратегиясын қабылдады. ERG-дің ұзақмерді өсім мен Топтың барлық стейкхолдерлеріне құндылық қалыптастыруға екпін түсіру ұстанымы бұлжымайды, – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Reuters басылымында америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның 40 пайызы Қазақстан үкіметіне тиесілі Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын 5 млрд долларға сатып алғысы келетіні хабарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу