Еуразиялық топ (ERG) құрамындағы Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігінің басты серіктесі Магнитогор металлургия комбинаты (ММК) 2017 жылдың қорытындысы бойынша компанияны "Темір кені шикізаты" аталымында "Үздік жеткізуші" деп танып, арнайы Құрмет дипломын табыс етті, деп хабарлайды компанияның корпоравтивтік коммуникациялар қызметі.
Магнитогор металлургия комбинаты жыл сайын "Үздік жеткізуші" байқауын өткізіп тұрады. Үміткерлер жеткізілетін өнімнің сапасы, өнімнің сұранысқа иелігі мен тартымдылығы, оңтайлы баға, жеткізілген тауарлар мен қызметтердің инновациялық және ғылыми-техникалық құрамдасы, тұтынушыға көзделуі, келісілген мерзімдер мен жеткізілімнің көлемін сақтау сияқты критериялар бойынша бағаланады. Биыл іріктеу өте қатаң болды және жеңімпаздар 18 аталым бойынша анықталды. "ССКӨБ" АҚ кеншілері "2017 жылдың үздік жеткізушісі" құрметті дипломымен марапатталды. Бұл категорияда кәсіпорын екінші жыл қатарынан жеңіске жетіп отыр.
"Магнитогор металлургия комбинаты" ААҚ және Еуразиялық топты ұзақ мерзімді қарым-қатынастар байланыстырады. Тараптар 30 млн тоннадан астам шикізатты, оның ішінде ССКӨБ өндіретін шекемтас пен концентратты жеткізу туралы келісімге келген.