Шешуші кездесуде Ерғали Шамей отандасы Асылан Нұрдәулетовпен күресті. Осылайша, қазақстандық пара дзюдошылар Қазақстан командасының қоржынына үшінші алтын және бесінші күміс медальді салды, деп жазады inbusiness.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
"Біздің дзюдошылар тағы да керемет нәтиже көрсетті! Қазақстан сіздермен мақтанады және сіздерге жанкүйер. Алдағы турнирлерде де Қазақстан гимні шырқала берсін. Жаңа белестерді бағындырып, жарқын жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспін", - деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу