Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімі бойынша "Қазақстан ғарыш сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының президенті болып Ерғазы Нұрғалиев тағайындалды.
Е. Нұрғалиев 1954 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келді. 1977 жылы "Сәулет" мамандығы бойынша Өскемен құрылыс-жол институтын, 2001 жылы "Құқықтану" мамандығы бойынша Мәскеу халықаралық экологиялық-саясаттану университетін тәмәмдады.
1977 жылы құрылыс әскері лейтенанты атағымен жедел қызметті өтеу үшін "Байқоңыр" ғарыш айлағына жіберілді. 1977-1979 жылдар аралығында КСРО ҚМ 130 құрылыс бас басқармасының бөлімшелерінде әскери борышын өтеді. "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Протон", "Энергия-Боран" тасымалдағыш зымырандарының старттық және техникалық кешендерінің құрылыстарында жұмыс істеді.
1979-1989 жылдар аралығында ғарыш айлағының күрделі жөндеу құрылысы басқармасында түрлі инженерлік лауазымдарды атқарды. 1989 жылы Халық депутаттарының Ленинск қалалық кеңесінің Атқарушы комитеті төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.
62 жастағы Ерғазы Нұрғалиев 1995-2004 жылдар аралығында "Байқоңыр" ғарыш кешеніндегі Қазақстан Республикасы Президентінің Арнаулы өкілі қызметін атқарды.
2005-2007 жылдар аралығында "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы Бас директорының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
2007-2014 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің Жауапты хатшысы лауазымын атқарды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің қайта құрылуына байланысты, 2014 жылдың тамызынан бастап 2016 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары лауазымын, 2016 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне осындай лауазымды атқарды.
"Байқоңыр" ғарыш айлағының ардагері, Е. Нұрғалиевке ғарыш кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін 2011 жылы "Байқоңыр қаласының құрметті азаматы", "Байқоңыр" ғарыш айлағының еңбек сіңірген құрылысшысы" атақтары берілді.
II дәрежелі "Достық"орденімен және "Парасат" орденімен марапатталған. Мерейтойлық медалдары мен ведомстволық наградалары бар.