Ericsson Nikola Tesla платформасы неге іске қосылмады: ДСМ жауабы

480

Тиісті сауалға Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев жауап берді, деп жазады inbusiness.kz

Ericsson Nikola Tesla платформасы неге іске қосылмады: ДСМ жауабы Фото: Максим Морозов

"Біріншіден, бұл компания елімізде жұмыс істеді, келісімшарт та болды. Содан кейін сотта іс қозғалған болатын. Бұл компания Қазақстанға келіп, платформаны іске қоса алмады. Сондықтан қазіргі кезде бұл платформа қолданылмайды", - деді вице-министр тілшінің сұрағына берген жауабында.

Журналистің "Бұл платформаны жарамсыз деп айта аламыз?" деген сауалына ведомство өкілі "иә" деп жауап берді.

Бұдан бөлек тілші "Платформа неге әлі күнге дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің SMART BRIDGE базасында тұр" деп нақтылау сұрағын қойды.

"Біріншіден, бұл сауалды Цифрлық даму министрлігіне қою керек. Екіншіден, қазір біз SMART BRIDGE порталында бар сервистерге ревизия жасап жатырмыз", - деді Бейбіт Есенбаев.

Айта кетейік, осыған дейін сервисіндегі медициналық деректер тізімі кеңейтілетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу