Ерікті қоныс аударушыларға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды

371

Жаңа платформа өңірлердегі бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпаратты бір жерден ұсынады.  

Ерікті қоныс аударушыларға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды Фото: ЖИ

migration.enbek.kz порталында ерікті қоныс аударуды жоспарлаған азаматтарға арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Платформа қоныстандыру өңірлеріндегі қабылдау шарттарымен танысуға, бос жұмыс орындарын және сұранысқа ие мамандықтар тізімін көруге мүмкіндік береді.

Пайдаланушылар өздері таңдаған өңір бойынша мемлекеттік қолдау шаралары, тұрғын үй жағдайлары және бағдарламаға қатысушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер туралы ақпаратты ала алады. Сонымен қатар еңбек нарығындағы сұранысты алдын ала бағалауға жағдай жасалған.

Ең сұранысқа ие мамандықтардың қатарында денсаулық сақтау, білім беру, инженерлік-техникалық, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, жұмысшы мамандықтары, сондай-ақ басқару және әлеуметтік сала қызметкерлері бар. Бұл тізім өңірлік еңбек нарығының қажеттілігіне қарай тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сервистің интерактивті картасында елді мекендер, әлеуметтік нысандар, инфрақұрылым және кеңес алуға арналған байланыс деректері де қолжетімді.

Еске салайық, Үкімет 2026 жылға арналған ерікті қоныс аудару өңірлері ретінде Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарын айқындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу