Түркістан облысы Түлкібас ауданында еріктілер аудандағы ауруханаларға оттегі балондарын тегін жеткізуде, деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.
"Соңғы бір аптаның ішінде Түлкібас ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер мен ерікті тұрғындар аудандық ауруханаға 210 дана оттегі баллонын жеткізді. Баллондарда оттегі таусылған жағдайда Шымкент қаласындағы оттегі құю бекетінен толтырып келу үшін аудан әкімдігі тарапынан автокөлік тәулік бойы қызмет етуде", – деп жазылған хабарламада.
Алдағы күндері еріктілер тыныс алу құрылғыларын да алып бермек.
"Бүгінде барлық ауылдық округ, кент әкімдері өздерінің қызметтік көліктерін дәрігерлерге берген. "Қазір 17 көлікпен бригадалар сырқаттанып жатқан тұрғындардың үйіне барып, емдеп жатыр",– дейді аудандық әкімдіктен.