Балқаш қаласының еріктілері Ақтоғай ауданындағы Бектау-Ата жартастарындағы 10-ға жуық жазуды алып тастады.
Балқаш қаласының ЖРО директоры Ирина Федорова аталмыш акцияға қатысқандардың қатарында.
– Біз 10-ға жуық жазуды алып тастадық. Жұмыс оңай емес. Жартастарды тазарту үшін ескі бояуға арналған еріткіш, қатты щеткалар және су мен біздің күш-жігеріміз қажет, – деді Ирина.
Қарағанды облысы волонтерлерінің фронт-кеңсесі және Балқаш қаласы волонтерлерінің штабы Birgemiz: asyl mura шағын грантын іске асыру жөніндегі іс-шараларды қолдайды. 2021 жылдан бастап еріктілер Қарқаралы ауданындағы Шайтанкөлдің маңындағы аумақ пен Үш үңгірді тазартуға қатысты.
– "Өз елімізде із қалдырмай Sayahattime" жобасы аясында 2021 жылдан бастап жыл сайын вандалдардың жазуларынан жартастарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. Өткен демалыс күндері біз Бектау-Ата тау жыныстарын тазарттық. Бұл акцияға Балқаштан 20 ерікті қатысты, – дейді шағын грант жетекшісі Вirgemiz: asyl mura шағын грантының басшысы Жанарай Санақбай.