Еріктілер қозғалысы студенттік ойындардың аяқталуымен тоқтамайды

1763

Еріктілер қозғалысы студенттік ойындардың аяқталуымен тоқтамайды

Универсиада-2017 Қазақстанда келесі халықаралық шараларды өткізуге еріктілер пулын жасақтауға септігін тигізді. Оның құрамында 1,5 мың адам бар, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Универсиада еріктілері  14 мың үміткердің ішінен іріктеліп алынды. Бүгінде олардың жұмысын  тиісінше шеберлік сыныптары мен дәрістерден өткен 150 үйлестіруші қадағалауда.

Еріктілер қызметтің әртүрлі салаларына жұмылдырылды, олардың көп бөлігі спорттық шараларға тартылды. Олар баспасөз қызметі, медицина, көлік, бақылау,  атлеттік ауыл,  көрерменмен жұмыс  және мәдени шараларда да жұмыс істеді.

Еріктілер қозғалысы студенттік ойындардың аяқталуымен тоқтамайды. Бүгінгі таңда "Еріктілер лигасы"  қолдауымен  5 мың кәсіптік  ерікті  дайындалды. Олар  ағылшын, командалық білім беру және қалалық саяхаттарды ұйымдастыру курстарынан өтті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу