Еріктілер полицейлерге 240 құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті

1071

Полицейлер заңсыз антисептиктер мен бетперделер сатқан 27 адамның жолын кесті.  

Еріктілер полицейлерге 240 құқық бұзушылықты анықтауға көмектесті

Заңсыз айналымнан 2 млн-нан астам медициналық бетперде, 4 мың қорғаныш киімі, 4 тонна тазартқыш құрал тәркіленді, деп мәлімдеді Ішкі істер министрі.

"Осындай қиын кезеңде пайда тауып қалуды көздейтінде де бар. Мысалы, полицейлер заңсыз антисептиктер мен бетперделер сатқан 27 адамның жолын кесті. Заңсыз айналымнан 2 млн-нан астам медициналық бетперде, 4 мың қорғаныш киімі, 4 тонна тазартқыш құрал тәркіленді. Оларды халыққа көтерме бағамен сатқан", – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сондай-ақ  профилактикалық шараларға еріктілер де атсалысуда. 2 мыңнан астам волонтер полицейлерге 240 құқық бұзушылықты анықтауға көмектескен.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу