Еріктілер Универсиада-2017 алауын жағып көрді

1283

Еріктілер Универсиада-2017 алауын жағып көрді

Алматыда 2017 жылғы 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада алауының сынақ эстафетасын өткізді. "Алматы Арена" алаңында сынақ ретінде Универсиада алауы жағылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Ұйымдастырушылар алау эстафетасының техникалық дайындығын өткізіп, тасымалдау колбасын сынап көрді. Кейін еріктілер бағыт бойынша бес алау өткізді. Эстафета 2017 жылы 25 қаңтарда басталады.

Астанада Универсиада алауы Назарбаев Университетінде жағылады. Кейін алау әр өңірде жағылады және барлық 15 алау Алматыға жеткізіледі. Алматыда барлық 16 алау біріктіріліп, Универсиада алауы жағылады.

Универсиада Алматыда 2017 жылдың 29 қаңтарынан 8 ақпанына дейін өтеді. Жарысқа 55-тен аса елден келген 2 мыңға жуық спортшы сынға түседі.

Жарыс 8 нысанда спорттың 12 түрі бойынша өтеді. Жалпы алғанда 543 медаль сарапқа салынады. Шараны ұйымдастыруға 3 мың ерікті тартылды және 30 мың отандық және шетелдік турист келеді деп күтілуде.

2017 жылғы Универсиаданы 100-ден астам елдің өкілдері көре алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу