Еріктілерге қызметке орналасу кезінде басымдық беріледі

1482

Волонтерлік ұйымдар мемлекеттік мүлікті жеңілдікпен пайдалануы үшін сенімгерлік басқаруға беру ережелері қарастырылмақ. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқалау кезінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов мәлім етті, деп жазды inbusiness.kz.

Еріктілерге қызметке орналасу кезінде басымдық беріледі

"Еріктілерге азаматтық қызметке орналасу кезінде артықшылықтар беріледі. Атап айтқанда, мемлекеттік мекемелерге, қазыналық кәсіпорындарға жұмысқа орналасу кезінде конкурстық комиссия кандидаттың волонтерлік тәжірибесін ескереді. Бұған ұқсас ынталандыру шаралары қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметке кіру кезінде қарастырылған", – деді вице-министр.

Сонымен қатар қайырымдылықпен айналысатын ұйымдарға мемлекеттік мүлікті пайдалану кезінде жеңілдіктер қарастырылмақ. 

"Волонтерлік ұйымдар мемлекеттік мүлікті жеңілдікпен пайдалануы үшін сенімгерлік басқаруға беру ережелері қарастырылмақ. Қайырымдылық субъектілерін ынталандыру мақсатында, оларға құрметті атақтар беру тетігі көзделген. Қайырымдылық саласындағы уәкілетті орган ұғымы енгізіліп отыр", – деп атап өтті Мәжілістің жалпы отырысында вице-министр. 

Сонымен қатар Болат Тілеповтың айтуынша өзекті бағыттар бойынша гранттық қаржыландыру көзделген. 

"Гранттар жүйесінің градацияланған негізде келесі түрлерін енгізу көзделеді: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жобалар. Бұл ретте, гранттың түріне қарай қаржыландыру көлемі, мерзімі, үкіметтік емес ұйымдар конкурсқа қатысу шарттары және есептілікке қатысты талаптар айқындалады. Сөз жоқ, бұл тәсіл гранттық қаржыландыру рәсімдерін жеңілдетеді", – деді вице-министр.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу