Ерке Есмахан: "Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі"

9215

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайы туралы айтып берді. 

Ерке Есмахан: "Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі" Фото: instagram парақша

Еске сала кетсек, жұлдызды жұп Райм мен Ерке, ұлды болды. Ерке Есмаханның айтуынша, ұлы ата-әжесінің тұңғыш немересі.

"Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі", - деп жазды әнші желідегі әлеуметтік парақшасында.

Әнші жағдайының бірқалыпты екенін айтып, жақын арада үйге шығатындарын жазды.

"Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Әзірге перзентханадамыз. Жағдайымыз Аллаға шүкір керемет. Бұйыртса 1-2 күнде үйге қайтамыз", - деп жазды әнші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу