Ерке Есмахан қалай босанғанын сұраған оқырманына ұрысып тастады

5400

Әнші жақында екінші рет ана атанды.

Ерке Есмахан қалай босанғанын сұраған оқырманына ұрысып тастады Фото: instagram.com

Белгілі әнші Ерке Есмахан instagram парақшасында оқырмандарының кейбір сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алайда әншіге ұнамаған сұрақтар да болған.

“Босану бөлмесіне 5 мобилограф жалдап, бәрін түсіріп, рилс салып, одан кейін босанғандағы сезім туралы жазба жариялап отыруға болар еді. Бірақ қуанышқа толы сәт болғанымен, этикаға жата бермейтін, құпия сақталуы тиіс дүниелер бар мен үшін", деді әнші.

Сондай-ақ, ол оқырмандарынан тым жеке сұрақ қоймауын өтінді.

"Сондықтан жүрекжарды сыр ашуды менен күтпеңіздер. Ең дұрысы босануды менен сұрағанша, сол сезімді сезіну бұйырсын! Жұғысты болсын. “Жыртылды” ма деген сұрақ та қоймаңыздар. Онсыз да белден төмен әңгіме қаптап жүр!”, – деп жазды әнші босану туралы сұраған оқырманына. 

Оның айтуынша, әнші сәбиін 39-аптада, түнгі сағат 03:47-де босанған.

Айта кетейік, Ерке Есмахан жүктілік кезінде қосқан артық салмақтан арылуды бастап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу