Ерке мен Raim ұлдарына қандай есім қойғаны белгілі болды

8510

Өнерлі жұптың ұлы – байбақты руының ұрпағы және атасы мен әжесінің тұңғыш немересі. 

Ерке мен Raim ұлдарына қандай есім қойғаны белгілі болды   Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Жақында ғана ұлды болған жұлдызды жұп Ерке Есмахан мен Raim баласына ерекше есім берген. Бұл туралы inbusiness.kz сайты хабарлайды.

"Раймбекұлы Ислам", - деп Raim ұлының есіміне қатысты қысқаша пост жазды.

Айта кетсек, бұған дейін Ерке Есмахан ұлының байбақты руының ұрпағы, атасы мен әжесінің тұңғыш немересі екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар, әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде жаңа туған нәрестенің үйіне келуіне ата-аналар дайындаған балалар бөлмесінің үзінділері мен фотосуреттерімен бөлісті.

Сондай-ақ, әлеуметтік желідегі оқырмандар танымал жұпқа жарыса тілек жазып, дүние есігін ашқан сәбиге ұзақ ғұмыр тілеп жатыр.

"Бауы берік болсын! Анасына да, баласына да денсаулық тілейміз", "Молодцы, осы жылдың жақсы жаңалықтары бір өздерің, бәрі жақсы болсын. Ерке қызымызға күш,қуат берсін", "Керемет құтты болсын! Бауы берік болсын! Оралға +1 ұл", - деп жазды жұлдызды жұптың жанкүйерлері. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу