Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" құрамында екінші ойынын өткізді

595

Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" құрамында екінші ойынын өткізді

Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Еркебұлан Сейдахмет Ресейдің премьер-лигасында ойнайтын "Уфа" құрамында екінші ойынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тула қаласында жергілікті "Арсеналмен" өткен матчта "Қазақ Мессиі" атанған қазақстандық шабуылшы ойын бітуге он минуттан астам уақыт қалғанда, команда капитаны, қорғаушы Боян Йокичтің орнына шықты. 

Бұл кезде алаң иелері 2:1 есебімен жеңіп жатқан-ды. Уақыт аз берілгендіктен, Еркебұлан бауырын жазып үлгермеді. 

Аталмыш кездесуде "Арсенал" "Уфа" командасын ақыры сол есеппен ұтып, турнир кестесінде алтыншы орынға көтерілді. Ал "Уфа" жетінші сатыға сырғыды.

Еске сала кетейік, он сегіз жасар Еркебұлан Сейдахметтің "Уфа" құрамында алғаш рет 10 наурыз күні Башқұртстан астанасында "Анжимен" өткен кездесуде алаңға шығып, гол соғылған қос бірдей шабуылға қатысқанын жазған болатынбыз. Одан кейін Қазақстан құрамасы сапындағы бірінші ойынында Венгрия қақпасына гол соққан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу