Еркебұлан Сейдахмет ең талантты футболшылар қатарынан табылды

1225

Еркебұлан Сейдахмет ең талантты футболшылар қатарынан табылды

Еркебұлан Сейдахметті Sideline Scouted порталы әлемдегі ең талантты футболшылардың қатарына қосты. Бұл туралы "Уфа" клубы "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады vesti.kz. 
Сейдахметтен бөлек бұл кітапқа Килиан Мбаппе (ПСЖ), Матео Ковачевич ("Реал"), Антони Марсьяль ("Манчестер Юнайтед"), Джанлуиджи Доннарума ("Милан"), Юлиан Вайгль және Кристиан Пулишич (екеуі де – "Боруссия", Дортмунд), Александр Головин (ЦСКА, Мәскеу), Александр Арнольд ("Ливерпуль") және басқа футболшылар енген. 
Sideline Scouted жобасында 114 ойыншы туралы мәлімет бар. Кітапқа Еркебұлан Сейдахметтің де сұқбаты жазылған. Отандасымызды авторлар "Қазақстандық Месси" деп таныстырыпты. 
Еске салайық, 18-жастағы Сейдахмет "Уфа" клубымен ұзақ мерзімдік келісімшарт жасаған болатын. Ол ресейлік клуб сапындағы алғашқы кездесуін "Анжиге" қарсы (3:2) ойында өткізіп, командасының барлық голына атсалысты. 
Ал Наурыз айында Сейдахмет Қазақстан құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. Венгрияға қарсы (3:2) кездесуде ұлттық құрама сапындағы бірінші голын соқты. Осылайша ол ұлттық құрама сапында гол соққан ең жас футболшы атанды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу