Қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет өкшесіне жасалған ота сәтті өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Футболшы Латвиямен кездесуі алдында жарақат алып қалған болатын. Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов баспасөз жиыны кезінде Еркебұланның 3 ай ем алатынын жеткізді.
Жас форвард өзінің парақшасының Stories-іне "бәрі жақсы" дей отырып, Мюнхендегі ауруханада жатқан суретін жүктеген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу