Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" құрамында 2019 жылдағы алғашқы ойынын өткізді

948

"Уфа" "Янг Бойз" жастар командасын ұтты.

Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" құрамында 2019 жылдағы алғашқы ойынын өткізді

"Уфа" футбол клубы Ларнека оқу-жаттығу жиындарындағы үшінші бақылау матчында швецариялық "Янг Бойз" жастар командасын ұтты, деп хабарлайды kaz.vesti.kz.

Кездесудің 17-минутында уфалықтардың словениялық шабуылшысы Ловро Бизяк дубль жасады. Футболшыға дубль үшін 80 секунд қана қажет болғанын айта кетейік. 25-минутта Александр Пуцко бас жарақатын алып, оның орнына Игорь Дивеев алаңға шықты. Бірақ үзіліске дейін-ақ швецариялықтар Юрий Шафинский қақпасынан саңылау тапты. Осылайша есеп 2:1 болды.

Айта кетейік, екінші таймда "Уфа" сапында ауысымға шыққан Қазақстан құрамасының шаубылшысы Еркебұлан Сейдахмет осы маусымда команда үшін алғашқы ойынын өткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу