Еркебұлан Сейдахметтің трансферлік құны өсті

1173

Transfermarkt мәліметінше, оның қазіргі құны 400 мың еуроға бағаланып отыр.

Еркебұлан Сейдахметтің трансферлік құны өсті Фото: sputniknews.kz

Алматылық "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Еркебұлан Сейдахметтің трансферлік құны өсті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Transfermarkt мәліметінше, оның қазіргі құны 400 мың еуроға бағаланып отыр, былтырдан бері ол 300 мың болатын.

19 жастағы ойыншының құны ұзақ уақыт өзгермеуіне өзіндік себеп бар. Сейдахмет көп уақыт жарақтын емдеді, осының салдарынан ресейлік "Уафада" да, болгариялық "Левскийде" де қажетті ойын тәжірибесін жинамады. "Қайратқа" өткеннен кейін ғана алаңда уақыт өткізе бастады. Ұлттық чемпионаттың өткен маусымында ол сегіз ойын өткізіп, бір гол салды және екі ассист жасады. 

Айта кетейік, "Қайрат" 25 тур қорытындысы бойынша "Тобылдан" екі ұпай кемшілікпен екінші орында келеді.

26-шы тур матчтері 15 қыркүйекте (жексенбіде) өтеді. Бұл күні "Астана" – "Шахтер", "Ақтөбе" – "Атырау", "Ертіс" – "Тараз", "Тобыл" – "Оқжетпес", "Қайрат" – "Жетісу", "Ордабасы" – "Кайсар" ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу