Еркебұлан Шамұханов Монреальдағы Әлем кубогінде үздік бестікке енді

752

500 метрге жарысқан Абзал Әжіғалиев 11-ші, Денис Никиша 46-шы орыннан көрінді. 

Еркебұлан Шамұханов Монреальдағы Әлем кубогінде үздік бестікке енді

Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен әлем кубогінің екінші кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, бұл жолы қазақстандық спортшылар жүлдесіз қалды деп жазады Olympic.kz.

500 метрге жарысқан Абзал Әжіғалиев 11-ші, Денис Никиша 46-шы орыннан көрінді. Бұл сында венгриялық Шаолин Лю жеңіске жеткен.  1000 метрлік сында қазақстандық Еркебұлан Шамұханов жоғары нәтиже тіркеп, үздік бестікке енді. Ол Ресей және Оңтүстік Корея спортшыларына есе жіберді. Ал Мерсаид Жақсыбаев 16-шы орында.  5000 метрлік эстфетада Қазақстан 9-шы орынға тұрақтады.

Бұл сында Венгрия, Оңтүстік Корея және Ресей спортшылары үздік үштікке енген.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу