"Еркек емес – малсыңдар!": Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеретін "еркектерді" сынады

273

​Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеріп, мұны мақтаныш санайтын ер адамдарды сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Еркек емес – малсыңдар!": Димаш Құдайберген әйелдерге қол көтеретін "еркектерді" сынады Фото: Желіден

Өнер иесі әлеуметтік желідегі жазбасында әйелге күш көрсету ер азаматқа тән қасиет емес екенін атап өтті.

"Әйелді сабап, соны мақтаныш көретіндер, қай беттеріңмен өздеріңді еркекпін деп жүрсіңдер?! Жұдырықтарың әйелге ғана жүретін болса, сендер еркек емес, малсыңдар! Әйелге әлімжеттік жасап, абырой жинаймын деу – адамдықтың ең төменгі шегі!" – деп жазды Димаш Құдайберген.

Әншінің бұл пікірі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу