Еркежан Күнтуған Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін бітірген.
Павлодардағы "Білім" газетінің редакторы, "Еуразия" бірінші арнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының продюсері, "Atameken Business Channel" телеарнасының аға продюсері, бас продюсерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары "Еуразия" бірінші арнасының бағдарламалық бөлімінде шеф-редактор, кейін осы телеарнаның креативті продюсері болды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін "ҚР Президенті телерадиокешені" КеАҚ креативті директоры қызметін атқарды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу