Еркін Әлімжанов армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды

1313

Армрестлингтен әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында өтті. Жарыста әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 1300 тарта спортшы бәсекеге түсті.

Еркін Әлімжанов армрестлингтен екі дүркін әлем чемпионы атанды

Түркияда армрестлингтен өткен әлем чемпионатында Еркін Әлімжанов екі алтынды жеңіп алып, екі дүркін әлем чемпионы атанды, деп хабарланды Астананың мәдениет және спорт басқармасынан. 

Елордалық "Жігер" спорт клубының тәрбиеленушісі халықаралық додада ардагерлер арасында 75 кг салмақ санатында өнер көрсетіп, оң және сол қолмен күш сынасуда бірінші орын алды.

Армрестлингтен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының сапында Астанадан "Толағай" жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары да өнер көрсетті. Олар қазақстандық команданың қоржынына төрт жүлде салды: 2 алтын, 1 күміс және 1 қола. ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Георгий Дзеранов 100 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын алды, ҚР халықаралық сыныптағы спорт шебері Әлімжан Мұратов 80 кг салмақ санатында сол қолмен күресте бірінші орын, оң қолмен күресте екінші орын алды.

ҚР спорт шебері Арман Рахманқұлов 85 кг салмақ санатында оң қолмен күресте қола жүлдені қанағат тұтты.

Армрестлингтен әлем чемпионаты Түркияның Анталья қаласында өтті. Жарыста әлемнің 40-тан астам мемлекетінен 1300 тарта спортшы бәсекеге түсті.

Турнирде ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы жастар арасында жалпыкомандалық есепте бірінші және ересектер арасында екінші орын алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу