Еркін Ғаббасов Париждегі Паралимпия ойындарының финалына шықты

268

Финал бүгін Астана уақытымен сағат 15:15 басталады.

Еркін Ғаббасов Париждегі Паралимпия ойындарының финалына шықты Фото: Telegram/Turizm_jane_sport_ministrligi

Париждегі Паралимпия ойындарында жақсы нәтиже көрсеткен тағы бір спортшымыз Еркін Ғаббасов финалына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен Еркін Ғаббасов іріктеу кезеңінде 619.5 ұпай жинап, финалға жолдама алды.

Бұған дейін волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама Париж-2024 Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастаған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу