Еркін күрес балуандары 4 қола медаль жеңіп алды

655

Еркін күрес балуандары 4 қола медаль жеңіп алды

Түркияның Ыстамбұл қаласында еркін күрестен Яшар Догу атындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақстан құрамасының балуандары 5 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды olympic.kz.

65 келіде күрескен Дәулет Ниязбеков жартылай финалда ирандық балуаннан ұтылғанымен, қола медаль үшін болған белдесуде украиналық балуанды 10:0 есебімен жеңіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Дәл осы салмақта күрескен тағы бір отандасымыз Мадияр Бурхан да қола медаль жеңіп алды.

Мадияр 1/8 финалда әзірбайжандық балуаннан ұтылып қалған еді. Алайда, қола медаль үшін болған белдесулерін сәтті өткізді.

74 келі салмақта күрескен Болат Сақаев пен Нұрлан Бекжанов та Яшар Догу турнирінің қола жүлдегерлері атанды. Болат үшінші орын үшін болған белдесуде Беларусь балуанынан айласын асырса, Нұрлан Иран балуанынан басым түсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу