Еркін күрестен әлем біріншілігіне кімдер қатысады?

665

Әлем чемпионаты 2-10 қазанда Норвегияның Осло қаласында өтеді.

Еркін күрестен әлем біріншілігіне кімдер қатысады? Фото: olympic.kz

Еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев әлем чемпионатына қатысатын балуандар есімін атады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 10 балуан қорғайды.

Бас бапкердің айтуынша, жарысқа қатысатын балуандар оқу-жаттығу жиынында өзара белдесу арқылы шешілген.

"Бүгінде Алматы облысында оқу-жаттығу жиынында жүрміз. Балуандар арасында өзара белдесулер ұйымдастырып, әлем чемпионатына баратын спортшылар құрамын анықтадық. Нұрислам Санаев еңбек демалысында, ал Дәулет Ниязбеков жарақатына байланысты осы жаттығу жиынына және әлем чемпионатына қатыспайды. Аталған спортшылардан басқа балуандардың барлығы бүгінде әлем біріншілігіне дайындықты бастап кетті", - деді Әсет Серікбаев. 

Әлем чемпионатына қатысатын балуандар:
57 келі: Мейрамбек Қартбай
61 келі: Адлан Асқаров
65 келі: Әділ Оспанов
70 келі: Сырбаз Талғат
74 келі: Нұрқожа Қайпанов 
79 келі: Болат Сақаев
86 келі: Азамат Дәулетбеков
92 келі: Әділет Дауланбаев
97 келі: Әлішер Ерғали
125 келі: Олег Болтин

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу